ЕО пен Қазақстан энергетикалық және ауылшаруашылық ынтымақтастықты дамытуы тиіс - еуродепутат Я.Войцеховский

БРЮССЕЛЬ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - ЕО пен Қазақстан ынтымақтастықтың энергетикалық және ауылшаруашылық бағытын дамытуы тиіс.
None
None

Мұндай пікірді Бельгиядағы ҚР елшілігінде өткізілген Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен қазақстандық-еуропалық қарым-қатынастардың мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырысының нәтижелері бойынша қазақстандық журналистерге берген сұхбатында еуропарламенттің депутаты Януш Войцеховский айтты.

Еуродепутат Қазақстан мен Еуроодақтың екі жақты ынтымақтастықты дамытуға талпыныстарын жоғары бағалады. Оның ойынша, Қазақстанда орасан зор табиғи байлықтар, әсіресе мұнай мен газдың қорының болуына орай, біздің ел еуропалық энергетикалық саясатта орасан маңызды рөлге ие. Сонымен қатар, соңғы кездері әлем бойынша азық-түлік тапшылығы сезіліп, азық-түлікке бағаның артып кетуі көрініс беруде, осыған орай Қазақстанда ауылшаруашылығын дамытуға орасан зор әлеует бар, ал Еуроодақ Қазақстанмен байланыстарды осы бағытта дамытуы тиіс. «Менің ойымша, бұлар, екі тарап та, ықпалдастықты дамытуы тиіс», - деп атап өтті Я.Войцеховский.

Соңғы жаңалықтар
Референдум