ЕО пен ҚР қазіргі халықаралық мәселелерді шешу үшін серіктестік қатынастарын дамытуы керек - Еуропарламенттің вице-президенті

Бұл пікірін Брюссельде Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастығы комитетінің теңтөрағасы Сергей Дьяченко басқарып келген ҚР Парламентінің делегациясымен болып өткен кездесуден кейін қазақстандық журналистерге берген сұхбатында Еуропарламенттің вице-президенті Мигель Анхель Мартинес Мартинес білдірді.
«Қазақстан Еуроодақ үшін өте маңызды ел болып табылады, соның ішінде еуропалық сыртқы саясатта елеулі орын алады. Сондықтан мен ЕО пен ҚР-ның одан да тығыз жұмыс істеп, халықаралық жағдайдың бізге ұсынып отырған мәселелерін шешуге қатысу үшін нағыз дос және серіктестерге айналу керек деп санаймын», - деді М.А.Мартинес Мартинес.
Бұдан басқа, Еуропарламенттің вице-президенті қазақстандық парламентшілермен тұрақты өткізіліп жүрген кездесулер қатынастарды нығайтуға ықпал ететіндігін атап өтті.