Ер адам өзінің ауылдасын қалай бауыздағанын есіне түсіре алмады - Қарағанды облысы

Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасының барысында Абай ауданының еш жерде жұмыс істемейтін 46 жастағы тұрғыны ұсталды.
Ер адам мәлім еткендей, сол күні марқұммен бірге спирттік ішімдікті ішу кезінде олардың арасында түсініспеушілік орнап, оның арты төбелеске ұласқан. Ер адам пышақпен бөтелкелесін бірнеше рет жарақаттаған.
Жас жігіттің қансырап жатқанын көрген күдікті өзінің ағасын шақырған, олар көліктің артқы орындығына отырғызып, медициналық мекемеге бармақ болған. Алайда жәбірленуші көліктің ішінде жантәсілім еткен.
Оқиға орнынан пышақ алынды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Айта кетейік, ер адам марқұмның арасында шыққан келіспеушіліктің себеп-салдарын айта алмай отыр. Тексеру амалдары жүргізілуде.