Эр-Риядта ҚР Елшісі мен Сауд Арабиясы Парламенті төрағасының кездесуі болып өтті

деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.
Әңгімелесу барысында Абдалла Аль аш-Шейх Президент Н.Назарбаевтың жетекшілігіндегі Қазақстан Республикасының динамикалық дамуына жоғары бағасын беріп, Корольдіктің жетекшілігі Эр-Риядтың орталықазиялық аймақтағы басты серіктесі ретінде Астанамен жан-жақты қатынастардың дамуына ерекше мән беретінін атап өтті.
Өз кезегінде Б.Тасымов әңгімелесушісін Қазақстандағы соңғы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, атап айтқанда, парламенттік сайлау және Үкіметтің жаң құрамының құрылуы туралы ақпараттандырды. Б.Тасымов Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауына ерекше назар аударып, Парламент төрағасына бұл құжаттың араб тіліндегі аудармасын ұсынды.
Әңгімелесу соңында Консультациялық кеңестің төрағасы Б.Тасымовқа Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі ретінде екі ел арасындағы қатынастарды нығайту және дамыту ісінде табыстар тіледі.