Эр-Риядта Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының таныстырылымы болып өтті

ЭР-РИЯД. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы Корольдігінде өтіп жатқан «G-20» елдері Парламент спикерлерінің 3-ші кездесуі аясында Қазақстанның бұл елдегі Елшілігі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауының таныстырылымын өткізді.
None
None

Елшіліктің кеңесшісі Қайрат Сақи шараның қатысушыларына Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары туралы айтып, олардың сұрақтарына жауап қайтарды.

Президент Н.Назарбаевтың 2012 жылғы Жолдауын Елшілік араб және ағылшын тілдерінде кітап етіп шығарды. Ол Қазақстанның табиғаты, қазақстандық қоғамның өмірі мен біздің еліміздің жетістіктері туралы баяндайтын көптеген фотосуреттерді қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, Эр-Риядта «Үлкен жиырмалық» елдері Парламент спикерлерінің 3-ші консультациялық кеңесіне қатысу мақсатында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми басқарған делегация жүр. Қ.Мәми кездесудің «Мәдениеттердің ғаламдық диалогы» 1-ші сессиясына қатысып, Сауд Арабиясы Корольдігі консультациялық кеңесінің төрағасы Абдалла Әл аш-Шейхпен кездесті.

Соңғы жаңалықтар