Ерасыл Қажыбаев дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдесін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Ерасыл Қажыбаев Әзербайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.

Ерасыл Қажыбаев дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдесін жеңіп алды
Фото: sportarena.kz

Ерасыл Қажыбаев 100 келіден жоғары салмақта жастар арасында әлем чемпионы, грузиялық Саба Инанеишвилимен белдесті.

Жекпе-жек өте тартысты өтіп, қарсыластар екі реттен шидо алды. 5 минут 20 секундта Ерасыл қарсыласын иппонға түсіріп, жеңіске қол жеткізді.

Ерасыл айтулы дода барысында үшінші кездесуінде ресейлік Тамерлан Башаевқа жол берді. Дегенмен жұбаныш белдесуінде түркиялық Ибрагим Татароглыдан айласын асырды.

Бакуде басқа қазақстандық дзюдошылар жүлделі орыннан көріне алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Таразда дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпиондары анықталғанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар