13:44, 22 Қараша 2014 | GMT +5
Ерболат Досаев пен Элер Ганиев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Өзбекстанның сыртқы экономикалық қатынас, инвестиция және сауда министрі Элер Ганиевпен кездесу өткізді. Олар қос мемлекеттің екіжақты қарым-қатынасын талқылады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

Министрлер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық серіктестік, сонымен қоса инвестициялық ынтымақтастық перспективалары жөнінде мәселелерді талқылады.
Қазақстан экономикасына Өзбекстаннан тікелей инвестициялар ағыны 2005 жылдан 2014 жылдың 1 жартыжылдығына дейін $14,9 млн. құрады.
2014 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша сауда айналым $1 545,2 млн. құрады.