09:40, 07 Желтоқсан 2015 | GMT +5
«Ерейментау-Шідерті» жолындағы апаттан бір адам көз жұмып, төртеуі жапа шекті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Ерейментау-Шідерті» тас жолының бойында екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан 1 адам көз жұмып, 4 адам жапа шекті.
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады. «Жол көлік оқиғасы 6 желтоқсан күні кешкі сағат 18:21 шамасында Ерейментау қаласынан шыға берісте «Ерейментау-Шідерті» тас жолының бойында орын алған. «ВАЗ-2107» және «Фольксваген Пассат» көліктерінің соқтығысуы салдарынан «ВАЗ-2107» көлігінің жүргізушісі 1966 жылғы С.Төлеуов пен оның жолаушысы 1967 жылғы Б.Төлеуова, «Фольксваген Пассат» көлігінің 1984 жылғы жүргізушісі Т.Салықов пен жолаушысы 1972 жылғы А.Кем түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар «Фольксваген Пассат» көлігінде болған тағы бір жолаушы 1985 жылғы Е.Нұрмаханов оқиға орнында көз жұмды», деп көрсетілген хабарламада.