15:51, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ерлердің жоғары лига командалары арасында Оралда өткен турда «Жайық-Конденсат» бірінші орынды иеленді
ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Волейболдан ерлердің жоғары лига командалары арасында Қазақстан біріншілігінің Оралда өткен екінші турында «Жайық-Конденсат» клубы бірінші орынды иеленді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оралдықтар Астананың «Ұшқын-Искра» командасына 0:3 есебімен жол беріп, қалған кездесулерінің бәрінде жеңіске жетті. «Жайық-Конденсаттан» ұтылып, басқаларын тізе бүктірген Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрты» екінші орында. Бірінші турдан кейін алда келе жатқан «Ұшқын-Искра» командасы бұл жолы шымкенттіктермен қатар Петропавлдың «Есіл-Викториясынан» да ұтылып қалды. Сөйтіп ол екінші турда үшінші орынды иеленді.
Биыл республика чемпионы бес турдан кейін белгілі болады.