«Эрнст энд Янг» компаниясының зерттеулері бойынша Қазақстан инвестициялық жағынан ең тартымды елдердің бірі болып отыр

АЛМАТЫ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Эрнст энд Янг» компаниясы Қазақстаның инвестициялық тартымдылығы туралы инвесторлар арасында жүргізілген зерттеу қорытындысын жариялады.
None
None

Сауалнамаға қатысқандардың 32 пайызы Қазақстан ТМД елдеріндегі инвестиция жасауға ең тартымды 3 елдің бірі деп санайды. Ал 81 пайызы өздерінің инвестициялық шешімдерін дұрыс, 76 пайызы сәтті жүзеге асырылды деп санап отыр. Олардың айтуынша, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, инфрақұрлым мен кадрлық әлеуетті дамыту факторлары Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын одан әрі де арттыруға ықпал етеді.

«Эрнст энд Янг» компаниясының Орталық Азия мен Кавказдағы басқарушы директоры, Кит Гейблдің айтуынша, шетелдік инвесторлар үшін инвестициялау шарттарын белгілеудің ашықтығы мен инвестор құқығына қатысты әділетті қатынас және инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін институтционалдық ортаны одан әрі жетілдірудің сенімділігі қажет. Зерттеуге қатысқан инвесторлардың көпшілігі, өз сенімділіктерін елдің әлеуетімен байланыстыруда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум