23:21, 13 Қазан 2016 | GMT +5
Ертең Астанада коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіру бойынша кезекті аукцион өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасы коммуналдық меншік нысандарын сату бойынша аукцион өткізілетінін хабарлайды. Бұл туралы ҚазАқпарат astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда-саттық ертең, 14 қазанда сағат 10.00-17.00 аралығында өтеді.
Аукционға мыналар шығарылады:
1. Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Көңілді тапқырлар театры» МКҚК. Бастапқы бағасы - 8 275 000 теңге. Кепілді жарна сомасы бастапқы бағаның 15%;
2. Елорда әкімдігінің 25,9% көлеміндегі «Ақмола Диірмен» ЖШС қатысу үлесі. Бастапқы бағасы - 76 045 000 теңге. Кепілді жарна сомасы бағаның 15%.
3. Астана қаласы әкімдігінің «Астана» су полосу спорт клубы» МКҚК. Бастапқы бағасы - 39 851 000 теңге. Кепілді салым сомасы бағаның 15%.
Саудаға тиісті кепілді жарна төлеп, www.gosreestr.kz интернет-ресурсы арқылы да қатысуға болады.