18:32, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Ертең Астанада Олимпиадаға қатысушы спортшыларды қолдау мақсатында бұқаралық веложорық өтеді
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Ертең Астана тұрғындары мен қала қонақтары Олимпиадаға қатысушы қазақстандық спортшыларға қолдау білдіру мақсатында бұқаралық веложорық өткізеді.

«Біз Олимпиадашыларымызды қолдаймыз!» ұранымен бұқаралық велошеру 1 тамыз күні, сағат 16.00-де «Бәйтерек» монументі алдындағы алаңнан басталып, Достық, Ақмешіт және Қонаев көшелерімен өтеді.
Іс-шараның жалпы ұйымдастырылуын және оны өткізуді Астана қаласы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы, Астана қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асыруда.