Ертең Астанада өтетін дөңгелек үстелде әлеуметтік кикілжіңдерді шешу жолдары мен механизмдері талқыланады

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ертең, желтоқсанның 2-сі күні Астанада «Әлеуметтік кикілжіңдерді шешу жөнінде қоғамдық кеңестерді қалыптастырудың механизмі мен рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен брифингте «Нұр Отан» партиясының ресми өкілі Оксана Петерс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дөңгелек үстел Қазақстандағы Халықаралық қатынастар жөніндегі ұлттық демократиялық институттың, «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы мен Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының бастамасымен ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XII-ші съезінде ҚР Президенті Н.Назарбаев әлеуметтік кикілжіңдерді шешуге бағытталған қоғамдық кеңестер құру жөнінде тапсырма берген болатын. Соған орай, ағымдағы жылғы қазанның 7-сінде партияның бастамасымен  Әлеуметтік кикілжіңдерді шешу жөнінде республикалық қоғамдық кеңес құрылды. 

О.Петерстің айтуынша, жиында әлеуметтік кикілжіңдерді шешу жөнінде қоғамдық кеңестерді    қалыптастырудың механизмдері мен рөлі талқыланатын болады.   

Оның жұмысына «Нұр Отан» ХДП-ның хатшысы Ерлан Қарин, ҚР Парламентінің депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Қазақстандағы Халықаралық қатынастар жөніндегі Ұлттық демократиялық институттың және  Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының өкілдері, сондай-ақ Әлеуметтік кикілжіңдерді қарау және шешу жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес мүшелері қатысады деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар