Ертең Байқоңырдан «Союз ТМА-18» ғарыш кемесі ұшырылады

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағы Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығының сынақ оқу-жаттығу кешенінде «Союз ТМА-18» кемесімен ғарышқа ұшатын экипажды бекіту туралы Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті,
None
None

деп хабарлады ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен.Ведомствоның таратқан ақпаратына сәйкес, «Байқоңыр» ғарыш айлағына жұмыс сапарымен келген ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев аталған комиссияның отырысына қатысқан. Алқалы жиын қорытындысы бойынша «Союз ТМА-18» ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажының құрамы төмендегідей болып бекітілген: негізгі экипаж: Александр Скворцов - командир, Михаил Корниенко - бортинженер, Трейси Колдвелл-Дайсон - бортинженер, қосалқы экипаж: Александр Самокутяев - командир, Андрей Борисенко - бортинженер, Скотт Келли - бортинженер.Сонымен қатар кеше «Гагариндық стартта» бекітілген «Союз ТМА-18» ғарыш кемесінің ұшу алдындағы жоспарлы дайындығы өткен. «Союз ТМА-18» ғарыш кемесімен ұшырылатын «Союз-ФГ» зымыран тасымалдағышын ұшыру сәуірдің 2-сі күні Астана уақыты бойынша 11 сағат 04 минутқа белгіленген. Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық үкіметаралық комиссиясына қарасты «Байқоңыр» кешені бойынша комиссиясының тең төрағасы болып саналатын Қазғарыш және Ресейғарыш басшыларының жұмыс кездесулері жоспарланған. Іс-шара барысында Талғат Мұсабаев пен Анатолий Перминов мүліктік мәселелер қатары жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуы туралы ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі «Байқоңыр» ғарыш айлағы департаментінің директоры Ғ.Данбаев пен Ресей ғарыштық әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары, ғарыштық әскерлер штабының бастығы А.Якушиннің баяндамаларын тыңдайды.

Соңғы жаңалықтар