Ертең елордада «Прокурорлардың халықаралық келісімдерді пайдалану кезіндегі проблемалары» атты семинар өтеді
заңдылық және кұқық мәселелерін зерттеу институтында «Прокурорлардың халықаралық келісімдерді пайдалану кезіндегі проблемалары» атты семинар өтеді.
Аталмыш шараны Бас прокуратураның институты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы орталығының қолдауымен ұйымдастыруда. Семинарға Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының өкілдері де қатысып, прокурорлардың біліктіліктерін арттыру мәселесі бойынша дәріс оқитын болады.
Семинардың ашылуында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінің басшысы Жаннет Клецер мен ҚР Бас прокуратурасының 8-ші департаментінің бастығы С. Досболов, Бас прокуратура жанындағы Прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық мәселелерін зерттеу институтының директоры Д. Шамшиева кіріспе сөз сөйлейді.
Біліктілікті арттыру бағдарламасы халықаралық келісімдерді қолдана отырып прокурорлық қадағалау шараларының өзекті мәселелері бойынша дәрістік және тәжірибелік қажеттіліктер негізінде дайындалған. Олардың арасында құқықтық көмек көрсетудің құқықтық тетіктерін жетілдіру, азаматтарды халықаралық талаптарға сай қылмыстық жауапқа тарту, қылмыскерлерді экстрадициялау, сондай-ақ сотталған азаматтардың өз елдерінің аумағында қылмысты жауапкершіліктерін атқару мәселесіне байланысты халықаралық ынтымақтастық жайын қамтиды.
Бұл семинар 18-19 сәуір аралығында Еуропалық Кеңестің Еуропалық комиссия құқық арқылы демократия үшін жобасының сарапшыларының қатысуымен Орталық Азия үшін арнайы өткізген ғылыми-тәжірибелік конференциясының жалғасы. Бұл жиынға Бас прокурор мен Конституциялық кеңес төрағасы мен мүшелері және Орталық Азия елдері Бас прокурорларының орынбасарлары, заңгер ғалымдар қатысады деп күтілуде.