13:14, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Ертең Өскеменде өнеркәсіпшілердің «қазақстандық мөлшерді» арттыру мәселесіне арналған республикалық форумы ашылады
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Ертең Өскеменде өнеркәсіпшілердің ең өзекті тақырыбы «қазақстандық мөлшерді» арттыру мәселесіне арналған республикалық форумы ашылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Басқосу Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметовтың қатысуымен өтеді. Ұйымдастырушылар хабарлағандай, алдағы «қазақстандық мөлшер» форумына қатысушылар «өнімді өндірушілер мен тұтынушыларды аймақ ішінде сондай-ақ жалпы ел деңгейінде қалай байланыстыра аламыз» деген мәселе жөніндегі нақты ұсынысты талқыламақ.Бүгіннің өзінде Қарағанды, Павлодар, Алматы және Өскеменнің өнеркәсіпшілері осы шара өткізілетін Өскемен техникалық университетінде облыстың аймақтық өнімдерінің экспозициялық көрмесінің монтаждау жұмысын аяқтады. Бұдан кейін форум жұмысы Семей қаласында жалғасады.Форумға қатысушылардың өзара пайдалы мүдделері сала аралық сипаттағы өндірістік-экономикалық байланыстардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді, бұлар Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген өнімдер мен тауарлардың экспорттық әлеуетін арттыруға жол ашады.