Ертең Шарм Әл-Шейх қаласында «Қосылмау қозғалысының» XV саммиті ашылады

Бұл туралы бүгін Астанадағы Куба елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында аталған ел елшілігі істеріндегі уақытша өкіл Мигель Санчес Ордоньес мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Куба бұл ұйымға 3 жыл қатарынан төраға болғанына тоқталған ол, «осы мерзім бұл ұйымды нығайту бағытындағы жұмыстарға жеткілікті болды», деді.
Оның айтуынша, шілденің 16-ында «Қосылмау қозғалысына» төрағалық ету Мысырға ауысатын болады.
«Құрылған уақытынан бастап ұйым қаналған халықтар өздерінің ажырамас құқын пайдалана алу үшін күресті бастады. Біздің ел бірігудің орнықты ұстанымдарын сақтауды қамтамасыз ете алды, империализмге, неоколонизмге, сионизмге, сондай-ақ кемсітушіліктің барлық түрлеріне қарсы күрес жүргізді. Енді бұл күресті жалғастыру жауапкершілігі Мысырға беріліп отыр», деді Мигель Санчес Ордоньес.