12:56, 10 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Ертең Үкімет отырысында 2020 жылға дейінгі Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы қабылданады деп күтілуде
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ертең Үкімет отырысында аграрлық және жұмыспен қамту мәселелері қаралады.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«11 желтоқсанда Қазақстан Үкіметінің отырысында 2020 жылға дейінгі Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы қарастырылып, қабылданады деп күтілуде»,-деді ресми өкіл.
Бұдан бөлек, Үкімет отырысы барысында «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының жүзеге асуы барысы мен болашағы да талқыланады.