«Ертеңің үшін аянба!...» бағдарламасы Парламенттің ресми сайтына орналастырылды

материалдардың электронды нұсқаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми сайтындағы (www.parlam.kz ) депутаттар Жақып Асанов пен Бекболат Тілеуханның жеке парақшаларына орналастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Ертеңің үшін аянба!...» бағдарламасы негізгі үш бағытты қамтып отыр. Атап айтқанда, бірінші бағыт - отбасылық бизнестің 100 түрі, екінші - 100 мамандық, үшіншіден - өмірлік 100 жағдай. Оның ішінде 100 отбасылық бизнестің түрі бойынша оны қалай бастап, жүргізудің жолы, әдістемесі мен технологиясы және қарапайым қаржы есебі ұсынылады. Ал 100 мамандықтың әрбірі бойынша профильдік пәндер, олар бойынша білім алуға болатын оқу орындары және алған мамандығына сәйкес одан әрі еңбекке орналасуға болатын салалар көрсетілген. Сол секілді өмірлік 100 жағдай шеңберінде әрбір азаматтың өмірінде жиі кездесетін жағдайлар таңдап алынып, олардың сауатты шешімі болатын кеңестер беріп отыр.
Бұқара арасында кеңінен тарату үшін ақпараттық-анықтамалық материалдар Үкімет тапсырмасына сәйкес облыс және Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне жіберілген болатын. Бұл ретте жергілікті әкімдерге ақпараттық-анықтамалық материалдарды тарату пункттерін белгілеу міндеті де жүктелді. Оның ішінде мемлекеттік органдар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, БАҚ, интернет-ресурстар, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, емханалар, кітапхана жүйесі және тағы басқалары енетін болады.
Сонымен бірге, ақпараттық-анықтамалық материалдардың электронды нұсқаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми www.parlam.kz сайтындағы Ж.Қ. Асанов пен Б.Қ. Тілеуханның жеке парақшаларынан таба аласыз (сайтқа кіру - Мәжіліс - Мәжілістің құрамы мен құрылымы - Мәжіліс депутаттары - Ж.Қ. Асанов немесе Б.Қ. Тілеухан - Жеке парағы - «Ертеңің үшін аянба!...»).