«Ертіс» ӘКК ауыл шаруашылығы жобалары бойынша алғашқы транштарды жүзеге асырды

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат – «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтарымен бірлесіп жүзеге асырылатын екі жоба бойынша алғашқы транштарды жүзеге асырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ӘКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қарлығаш» фирмасы» ЖШС етті өңдеу, сақтау және сату жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін 15 млн. теңге көлемінде қаржы алды. Осы жылғы мамырдың басында «Ертіс» ӘКК мен «Қарлығаш» фирмасы» ЖШС бірлесіп іс-қимыл жасау жөнінде келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, тараптар өз салымдарын біріктіреді. «Ертіс» ӘКК 54 млн. теңге (айналымдағы қаржы), сондай-ақ цех құрылысын аяқтау және қондырғылар сатып алу үшін қажетті 105 млн. теңге қаржы салады. «Қарлығаш» ЖШС салымы ? жұмыс күші мен компанияның айналымдағы және айналымдағы емес активтері. Аталған жобаның бастамашысы «Қарлығаш» фирмасы. «Сүлекен» шаруа қожалығы қой басын көбейту және олардың қылшық жүнді тұқымын асылдандыру жөніндегі жобаны жүзеге асыру мақсатында 13 млн. теңге алды. «Сүлекен» шаруа қожалығы мен «Ертіс» ӘКК-де бірлескен келісімге қол қойды. Жобаның бастамашысы ? «Сүлекен» шаруа қожалығы. Жобаның жалпы құны 41 млн. 944 мың теңге. Қажетті инвестиция көлемі ? 20 млн. 972 мың теңге, бұл қаржы ауыл шаруашылығы техникаларын, аналық қой сатып алуға және азықтандыру базасын жақсарту және кеңейту үшін 300 га. Алқапқа көп жылдық шөп егуге жұмсалмақ. 20 млн. 972 мың теңге инвестициямен «Ертіс» ӘКК қамтамасыз етеді. Аталған жобаны толық жүзеге асыру кезеңі ? 2009-2015 жылдар.2009 жылғы мамырдың 26-ында өткен «Ертіс» ӘКК бірінші басқарма отырысында қос жобаның екеуі де талқыланды. Басқарма төрағасы Ермек Көшербаев «мұндай жобаларды жүзеге асыруды ең алдымен, өз өндірісін сапалы дамытуға бағыттаған отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жасалған қолдау деп түсіну керек», - деп атап өтті. Аталған екі жобаны жүзеге асыру барысында Шығыс Қазақстанда 95 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар