14:45, 03 Маусым 2009 | GMT +5
«Ертіс» ӘКК Ертіс макроаймағында мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеуде
СЕМЕЙ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – 2009-2012 жылдарға арналған «Жайлау» Ертіс макроаймағында мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басшылары Семей қаласы ауылдық округтерінің әкімдерімен бірлесіп талқылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ әзірлеген «Жайлау» Ертіс мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыруға Семей қалалық әкімдігі қызығушылық танытты. «Ертіс» ӘКК бизнес-жобалар департаментінің мамандарымен және 14 ауылдық округ әкімдерімен болған кездесуде жергілікті атқару органдарының өкілдері «Жайлау» бағдарламасына шаруа қожалықтарының қатысу мүмкіндіктеріне ынта қойды. Қазіргі уақытта «Жайлау» Ертіс макроаймағында мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары әкімдіктерінде қаралуда.