Ертіс ауданының әкімі балаларға жаңажылдық сыйлықтар табыс етті - Павлодар облысы

Балалар Оқушылар сарайының жас әртістері сахналаған ертегілік театрландырылған қойылымды тамашалады, аудан басшысымен бірге шыршаны айналып ән айтты, өз өнерлерін ортаға салды. Барлық балалар Аяз Атадан тәтті сыйлықтармен қоса, жылы бас киімдер, бөкебай және қолғаптар алды.
Әкім аудан мектептерінің үздік оқушыларына да арнап арнайы шырша өткізді. Оларға сыйлықтар табыс еткен әкім В.Левченко: «ауданымызда ауылдағы қабілетті балалар үшін әкімнің гранттары тағайындалған. Дарынды балаларға біздің елімізде білімдерін жалғастыруға барлық жағдай жасалған, олардың тіпті әлемнің ең беделді деген жоғары оқу орындарында білім алуларына мүмкіндік бар», деп атап көрсетті.