Ертісте мұз жолдары ашылды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ертіс және Павлодар облысының көлдерінде мұз өткелдері ашылды, оларды ауылдық тұрғындар дайындап қойған шөптерін өткізу үшін пайдаланып, ауылдар арасындағы жолды қысқартуда.
None
None

Қыста қатып қалған көлдерде барлығы 24 өткел жұмыс істейтін болады, деп хабарлады облыстық ТЖД-нің судан құтқару қызметі. Көлдегі мұз қалыңдығы 60 сантиметрден асты, енді ол жүкке толы автомобильді көтере алады.

Биылғы қыста өткелдер мұз беті осал Ақсу қаласы мен Ертіс ауданының аумағындағы жылы суды ағызу орындарынан басқа өзендердің бүкіл ағысы бойынша жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар