Есеп комитеті USAID-тің экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру жобасымен бірлесіп тренинг өткізді

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті USAID-тің экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру жобасымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарының мәслихаттарының тексеру комиссияларына қыркүйектің 22-24-і аралығында «Мемлекеттік аудит жүргізудің әдіснамасы мен озық практикалық тәжірибе» атты тренинг өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Тренингке қатысушыларға мемлекеттік аудиттің өзекті проблемалары бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар топтамасы ұсынылды. Сонымен бірге, мемлекеттік қаржылық бақылаудың стандарттары қаралып, тиімділікті бақылау мен сәйкестікке аудит жүргізуді жоспарлау, оларды өткізу мәселелері талқыланды.

Шараны ұйымдастырушылар АҚШ-тың жоғарғы қаржы бақылау органының жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, оларды мәслихаттардың тексеру комиссияларының қызметінде қолдану жөнінде ұсынымдар берді. Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын енгізуге байланысты аудит проблемаларын шешу жолдарын талқылады.

Соңғы жаңалықтар