Есеп комитетінің төрағасы О. Өксікбаев ASOSAI-дың ХII Ассамблеясының жұмысына қатысады

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат-  ASOSAI-дың ХII Ассамблеясының отырысы Үндістанның  Джейпур қаласында ағымдағы жылғы 29 ақпан - 3 наурыз аралығында өтеді.
None
None

Осыған орай ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев ASOSAI-дың ХII Ассамблеясының жұмысына қатысады. Бұл туралы Есеп комитенінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Ассамблея жұмысы шеңберiнде ASOSAI-ға қатысушы елдердің жоғары қаржы бақылау органдарының қызметінде мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарттарын қолдану, сонымен қатар мемлекеттiк аудит жүйелерiн одан әрi нығайту мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Джейпурдағы жиында ASOSAI-дың Басқарма мүшелерін және Аудит жөніндегі комитетінің  мүшелерін сайлау көзделіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік,  ASOSAI (Жоғары қаржы бақылау органдарының Азиялық ұйымы) - Азия-Тынық мұхит өңірлеріндегі елдердің жоғары қаржы бақылау органдарын бiрiктiретiн ұйым. Ұйым 1979 жылы құрылған. ASOSAI-дың жоғарғы органы 3 жылда бір рет өткізілетін Ассамблея болып табылады.

 

Соңғы жаңалықтар