«Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы мен «Artfoglio» Алматы өнер галереясы «ЕСІК» плэнері атты шығармашылық акциясын ұсынады

2011 жылы қорық-мұражай «Музей ЕСІКті ашады» атты жобаны іске асыруға кірісті. Аталмыш жоба «MUSEUMстан» халықаралық жобасы шеңберінде, дамушы елдермен байланыс орнатушы Нидерландия Гуманитарлық Институтының (HIVOS) қолдауымен, Дешті-и-Арт заманауи мәдениет Орталығының қолдауымен, шағын гранттар шеңберінде ұйымдастырылды.
«Музей ЕСІКті ашады» атты ауқымды жоба аясында бірнеше шаралар қарастырылған. Соның бірі Алматы өнер галереясының қолдауымен ұйымдастырылып отырған - плэнер. Пленэр 2011 жылдың 30 қыркүйегінде, сағат 12.00 басталады.
«Есік» сөзінің мағынасы өте кең. Бұл жобаның басты символы ретінде ЕСІК атауының алынуы да кездейсоқ емес. Мұражайдың орналасқан жері Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының аумағы болса, екіншіден қорық-мұражайдың өзі осы әлемнен көне дүинеге өтетін «есік» міндетін атқарады. Сақ патшалары мекенінде «Artfogilo» өнер галереясының суретшілері де өз есігін ашады.
Жалпы, «Есік» ұғымы барлық нәрсенің бастауы деген мағына береді. Мұражайға кіру үшін есікті ашасыз. Ал сақ әлемінің құпиясына қанығу керек болса Есік қаласын бетке алыңыз. Халқымызда босаға деген қасиетті ұғым бар, ендеше, сол босағадан аттағанда сізге «патшалар жазығы» өз құпиясын ашуы мүмкін. «Есік» сөзінің мағынасы сан алуан. Есік арқылы мұражайға ғана кіріп қоймай, өткен уақыт пен осы шақтың байланысын сезіне аласыз, «Есік» мұражай арқылы қазіргі заманға ашылған өткен уақыттың сыры. «Есік» өткен мен бүгіннің үндестігі. Осы Есік арқылы сақтар «тәңірі тауларын», қасиетті Есік көлін жаз жайлауына айналдырған.
«Есік» атты Land-Art жобасы «Музей ЕСІКті ашады» ауқымды жобасының іске асырып отырған бір бөлігі ғана болып табылады. Осы жоба аясында әрбір келушіге өткен күннің мәдениеті мен замануи өнердің үндестігін сезіндіре алатындай, көрген адамға ерекше бір астарлы ой тастайтындай өзгеше туындыны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бүкіл адамзатқа ортақ тілде сөйлейтін суретшілер қауымы өз шығармашылығы негізінде көрермендермен ой бөлісуді мақсат етеді. Жобаға қатысушылардың пайдаланатын, қазргі зманғы өнер тілі - «деалект» қоршаған ортаны мүлде басқа қырынан көруге мүмкіндік береді. Осылайша, тарихи ескерткіштердің жанында тұрғызылатын замануи арт-нысан ескі мен жаңаның өзара астасқан «одағының» өзгеше тұрпаттағы символы болмақ.
«Есік» атты Land-Art жобасының қатысушылары мен ұсынылатын шығармалардың авторлары: Анар Аубакир, Кармине Барбаро, Сырлыбек Бекботаев, Владимир Григорян, Асқар Есдәулетов, Талгат Жумагулов, Ғалия және Балқия Құсайыновалар, Адильбек Рахметов, Багдад Серсенбиев, Ғания Шағатаева, сонымен бірге «Artfogilo» галереясының өнертанушысы - Оксана Языджы. Олардың жұмыстары «ЕСІК» плэнерінің ғана емес, сонымен қатар болашақта қорық-мұражай аумағының да көркін кіргізеді деп ойлаймыз.