09:22, 24 Қазан 2012 | GMT +5
Есіл өзеніндегі көпір астынан жеке тұлғасы анықталмаған ер адамның мәйіті табылды - Петропавл
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Петропавлда Есіл өзенінде, көлік көпірінің аумағында кеше сағат 09.20-да патрульдеу кезінде судан 30-40 жастардағы еуропалық нәсілді ер адамның мәйіті табылып,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (3 адам мен 1 техника), жағаға шығарылды, оның жеке тұлғасын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.