Есірткі бизнесімен күресетін Орталық-Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын дамытуға 410 млн. теңге қарастырылып отыр

None
None
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде орналасқан есірткі бизнесімен күрестегі халықаралық операцияларды ұйымдастыратын Орталық-Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын дамытуға 410 млн. теңге қарастырылып отыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасының жобасына Орталық-Азиялық ақпараттық үйлестіру орталығының қаулысы, шаралары енгізіліп отыр. Бұл мақсатқа 410 млн. теңге бөлінетін болады», - деді отырыста С. Баймағанбетов.«Орталық-Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын Қазақстанда орналастыру - Елбасының бастамасы. Бұл шұғыл ақпараттарды жинайтын және сараптайтын, сондай-ақ есірткіге қарсы арнайы операциялар жүргізу кезінде Орталық Азия мемлекеттері құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіретін халықаралық орталық болады», - деді министр. Айта кетейік, аталмыш орталық есірткі құралдарының, психотропты заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күреседі.
Соңғы жаңалықтар