15:51, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Есірткі сатушының мүлкі тәркіленіп 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды
АҚТӨБЕ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты Жем қаласының 33 жасар тұрғынына мүлкін тәркілеп 10 жылға бас бостандығынан айыруға және қатаң режимді колонияда жазасын өтеуге үкім шығарды.

Бүгін облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі өкілінің хабарлағанындай, азаматты облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2009 жылғы тамызда ірі көлемде марихуана сатуға әрекет жасап жатқан кезінде ұстаған.
Оның пәтерін және автокөлігін тексеру кезінде 16 киләдан астам марихуана табылды және алынды.