10:59, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
Есірткімен күресушілер әнші Тарканды ұстады
АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Түрік полициясы танымал әнші Тарканды ұстады. Жұлдыз полицейлердің қолына Ыстамбұлда жүргізілген есірткі саудагерлерімен күрес жөніндегі кезекті рейдтің барысында түскен.
Онымен бірге тағы бірнеше танымал адам тұтқындалып отыр. Қазір олардан жауап алынуда, әзірге ешқандай айыптаулар тағылған жоқ, деп хабарлайды жергілікті басылымдарға сілтеме жасап «Маяк» радиосы.
Таркан - Түркияда ғана емес, әлем елдеріндегі ең танымал орындаушылардың бірі.