ЭСКАТО-ның субөңірлік бөлімшесі Алматыда ашылады - ҚР СІМ

БҰҰ Азия және Тынық мұхиты өңірі бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Ноэлин Хейзермен кездесті.
Кездесу барысында, Е.Қазыханов, Қазақстанға жасаған сапары және IV Астаналық экономикалық форумға қатысқаны үшін БҰҰ-дағы ең ірі үкіметаралық құрылымның басшысына алғысын білдірді. Тараптар Қазақстан мен Азия және Тынық мұхиты өңірі бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссия арасындағы өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты және комиссияның субөңірлік кеңсесін Алматыда ашу туралы Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісімге қол қойды.
«Бұл кеңседе ЭСКАТО-ның және Еуропаның экономикалық комиссиясының бірлескен тобы жұмыс жасайды. Олардың қызметтері Орталық Азия, Ресей, Кавказ және Ауғанстан мемлекеттері кіретін кең аумақты қамтиды», - деді Е. Қазыханов кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында.
«Кеңсені Алматыда ашу шешімі 2008 жылы Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы деңгейінде қабылданғандығын атап өткім келеді», - деді министр.
Н. Хейзердің айтуынша, Алматыдағы кеңсе БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдеріне бағытталған саясатының Орталық Азиядағы негізгі нүктесі болмақ. Онда БҰҰ сарапшылары Орталық Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық саладағы әріптестігін күшейту, қоршаған ортаны қорғау, өңірдегі логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту, сонымен қатар «жасыл көпір» жобасын енгізу мәселелерімен айналысатын болады.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен ЭСКАТО комиссиясы 1992 жылдан бері орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жемісті жұмыс істеп жатыр. Осы жылдар ішінде, сыртқы істер вдомствосының басшысы атап көрсеткеніндей, Қазақстан мен БҰҰ-ның салалық құрылымы арасында әріптестік қарышты дамып, бірқатар ауқымды жобалар жасалған.
Атап айтқанда, бүгінгі таңда іске жарап жатқан БҰҰ-ның Орталық Азия экономикасы үшін арналған бағдарламасы (СПЕКА) 1997 жылдан бері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұсынылған болатын. 2007 жылы Алматы қаласында ЭСКАТО-ның 63-сессиясы өтті. Ал 2010 жылы Астана Азия және Тынық мұхиты өңіріндегі Қоршаған ортаны қорғау және даму жөніндегі 6-министрлік конференциясын қабылдады.