21:25, 30 Шілде 2015 | GMT +5
ЕСКЕРТУ: Алматы облысында сел жүру қаупі бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы екі күнде Алматы облысында су тасқыны жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдйлар комитетінен.

«31 шілде-3 тамыз аралығында ауа температурасының жоғарылауына және күтілетін жауын-шашынға байланысты Алматы облысының жекелеген таудағы өзендерінде су көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін, тауларда сел жүру қаупі бар», делінген хабарламада.