18:56, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Эстон теңіз айлақтары Қазақстанға әлемдік нарыққа шығуға көмектеседі - Президент Т. Ильвес
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Эстон теңіз айлақтары Қазақстанға әлемдік нарыққа шығуға көмектеседі, деп санайды Эстония Президенті Тоомас Ильвес. Сәрсенбі күні Президент Тоомас Ильвес Эстонияға мемлекеттік сапармен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті,
деп хабарлайды Ca-news басылымы.
Ильвес мырза, Эстония мен Қазақстанның үлкен жолдың - Ганзей және Ұлы Жібек жолы тораптарында орналасқанын еске салды. «Осынау тарихи байланыстарды жандандыру, қарым-қатынасты бұрынғыдан да белсендірек жүргізу керек. Жаңа Жібек жолымен бүгінде шығыстан батысқа қарай мұнай мен газ, ал батыстан шығысқа қарай - инновациялық технологиялар, т.б. ағылуда. Эстония айлақтары Қазақстанның әлемдік нарыққа және әлеуметтік-сауда-саттыққа шығуына көмектесуге әзір», - деді Т.Ильвес.