18:21, 20 Сәуір 2011 | GMT +5
Эстония ДСҰ-ға қосылу жөніндегі келіссөздерде Қазақстанды қолдайтын болады - Эстония Президенті Т. Ильвес
ТАЛЛИНН. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Эстония Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу жөніндегі келіссөздерде Қазақстанды қолдайтын болады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Кадриорг сарайында болған кездесуден кейінгі баспасөз мәслихаты барысында Эстония Республикасының Президенті Тоомас Ильвес мәлім етті.
«Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылық пен аймақтың жалпы дамуында өте маңызды рөл атқарады. Біз 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткен кездегі Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалаймыз», - деді Т. Ильвес.
Ол Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымы жұмысындағы және Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ету кезеңіндегі жемісті жұмысын атап өтті.
Т. Ильвес сондай-ақ Эстония Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жаңарту мәселесінде Қазақстанға жан-жақты қолау көрсететіндігін жеткізді.