Эстонияның экс-президенті А.Рюйтель «Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгіне 20 жыл» медалімен марапатталды

АСТАНА. 29 желтоқса. ҚазАқпарат - Таллиннде Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнің 20 жылдығына арналған Қазақстан-Эстония достық кешi өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Іс-шарада Эстония Республикасы экс-Президенті Арнольд Рюйтельге Елбасының атынан «Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгi 20 жыл» мерейтойлық медалiн Қазақстан елшiсі Ғалымжан Қойшыбаев табыс етті. Бұл марапатпен Президент Рюйтельдің қазақстандық-эстондық ынтымақтастықтың кеңеюіне, бiздiң халықтардың арасында көп қырлы байланыстардың күшеюiне қосылған үлесі аталып өтті. Эстониялық саясатшы өз сөзінде барлық қазақстандықтарды тәуелсiздiктiң мүшелтойымен құттықтап, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өз алғысын білдіре отырып, оның халықтың игілігіне бағытталған мемлекеттiк қызметiне жетiстiктер тілеген ізгі ниетін жеткізді.

Шараға Эстония Парламентінің Қазақстанмен Достық тобының төрағасы Ааду Муст, Таллинн қаласы әкімінің орынбасары Михаил Кылварт, СIМ, сарапшы топтар, БАҚ және қазақстандық диаспора өкілдері қатысты.

Эстондық қонақтар Қазақстанды тәуелсiздiктiң жиырма жылдығымен құттықтап, бiздiң елдер арасындағы қатынастардың биiк деңгейін атап өттi. Эстондық Парламентінің Қазақстанмен Достық тобының төрағасы Ааду Мусттың айтуынша, оны «осы жылда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Эстонияға өткен жемісті мемлекеттiк сапары көрсеттi», - деп атап өтті.

Өз сөзінде Эстондық экономика университетiнiң ректоры, профессор Ханон Барабанер Қазақстанның серпінді дамуына, Мемлекет басшысының тұрақтылық сақтау және белсендi халықаралық қызметiне жоғары баға берді.

Таллинн қаласы әкімінің орынбасары М.Кылварт Қазақстанда туылғанын ескертіп, елдің табыстарымен мақтанатынын атап өтті. Ол сондай ақ, елдердің екiжақты өзара іс-қимылдары, соның iшiнде астаналық қалалар арасындағы қарым-қатынастардың кеңеюімен одан әрі нығая түсетініне сенiмін білдірді.

Соңғы жаңалықтар