Эстрада жұлдыздары мен мемлекеттік қызметкерлер футболдан жолдастық кездесу өткізді - Қарағанды

ҚАРАҒАНДЫ. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қазақстандық эстрада жұлдыздары мен қарағандылық мемлекеттік қызметкерлердің командалары фуболдан жолдастық кездесу өткізді.
None
None

Ойын Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында өтті.

Қатысушылар бұл спорттық шараны ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне арнады.

Жұлдыздар командасының құрамында «МұзАрт», «Ринго», «Нұр-Мұқасан» топтарының мүшелері, Дәурен Сейітжанов, Ғаділбек Жанай және т.б. әншілер өнер көрсетті. «Шаншар» театрының директоры Әлібек Әбдрайымов бас жаттықтырушы болды.

Оларға қарсы шенеуніктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ойнады. Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдішев шабуылдаушы болды.

Жолдастық кездесу 15 мың көрерменді жинады. Жеңіс жұлдыздар командасын 2:1 есебімен жеңген мемлекеттік қызметкерлер командасына бұйырды. Кездесуден кейін эстрада жұлдыздары стадионда гала-концерт берді.

Соңғы жаңалықтар