Ет өнімдері ветеринарлық-санитарлық инспекторлардың бақылауында - Павлодар

ПАВЛОДАР. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау қызметінің инспекторлары бірінші жартыжылдықта 486 тексеру жүргізді.
None
None

Тексеру нәтижелері бойынша, ветеринарлық ережелерін бұзған 60 шақты субъекті әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 650 мың теңгенің айыппұлы салынды, бір іс сотқа берілді, деп хабарлады Павлодардың бас ветсанинспекторы Сержан Садықов қала әкімі Бақытжан Жоламановтың қатысуымен өткен кеңесте.

Әсіресе, өнімдердің сауда нормалары бұзыла отырып, кез-келген жерде сатылуы инспекторлардың ерекше алаңдаушылығын туғызып отыр. Мал сою ережелерінің сақталмау оқиғалары да бар. Соңғы төтенше оқиға - күйдіргі жұқтырған жылқы етінің базарда сатылуы, ветеринарлық-санитарлық нормаларға құлақ аспаудың соңы осындай қатерге әкеп тірейтінін көрсетіп отыр.

Қала басшысы қалалық СЭС пен ветеринарлық қызметті бірлесе отырып жұмыс істеуді, Павлодардың іргесінде қасапхана ұйымдастыру және мал өліктері көмілетін көмбе салу сияқты шараларды шұғыл қабылдауды талап етті.

Соңғы жаңалықтар