«Этил спирті мен алкогольдік өнімдерді өндіру және оның айналысын мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасының өзгертетін тұстары көп - алматылық кәсіпкерлер

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда Кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығының ұйымдастыруымен кәсіпкерлер мен құзырлы органдар өкілдері қазіргі таңда Үкімет қарауында жатқан «Этил спирті мен алкогольдік өнімдерді өндіру және оның айналысын мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасын талқылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кәсіпкерлердің айтуынша, заң жобасында бірқатар шектеулер бар және ол шағын және орта бизнестің құлдырауына әкеп соғуы мүмкін. Жаңа заңда алкогольдік өнімдердерді сату үшін жаңа талаптар қойылған. Мәселен, осыған дейін пайдаланып келген лицензиялар жаңа заң талаптарына сай келмесе кәсіпкер қайта лицензия алуы қажет. Сондай-ақ алкогольдік өнімдерді шағын дүкендерде сату үшін қосымша сақтау орындарын салу және үй маңында орналасқан дүкендер бөлек ғимарат ретінде салынуы тиіс. Кәсіпкерлер, «бұл талаптар жаңа заңда қабылданып кетсе, онда еліміздегі кішігірім дүкендердің 99 пайызы жабылып тынады», дейді. Отырысқа жиналғандар заңды дайындаушы ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетіне осы мәселелерді шешу үшін арнайы хат жолдайтындарын білдірді. Олар алкоголь өнімдерін сату үшін арнайы орын ұстау, үй маңындағы дүкендердің орнына бөлек ғимарат салу, сыраны алкогольдік өнімдер қатарынан шығару, лицензия беруді 10-15 күнге дейін қысқарту мәселелерін жаңа заңда қарастыру қажет деп есептейді. Кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығының вице-президенті Тимур Назхановтың пікірінше, бұл заң кәсіпкерлердің дағдарыс кезіндегі жағдайына қарап қабылдануы тиіс.
Соңғы жаңалықтар