21:17, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
ЕурАзЭҚ ауқымында Халықаралық жоғары технологиялар орталығы құрылады
МӘСКЕУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Еуразиялық экономикалық қоғамдастық қатысушы-мемлекеттерінің басшылары Халықаралық жоғары технологиялар орталығын құру туралы келісімге қол қойды.

Оның мақсаты Қоғамдастық кеңістігінде ғылыми-техникалық бағдарламаларды, инновациялық және венчурлық жобаларды жүзеге асыру болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Баспасөз мәслихатында Ресей Президенті Дмитрий Медведев атап көрсеткендей, «орталық қызметі біздің елдеріміз экономикаларының бәсекелік артықшылықтарын күшейтуі тиіс». «Бұдан басқа, мұндай жобалар біздің экономикалық әлеуетімізді әртараптандыруға көмектеседі, өйткені біз шикізат мәселелерімен ғана айналысуға тиіс емеспіз», - деді ол. Д.Медведевтің айтуынша, ЕурАзЭҚ елдерінің бірқатар ұйымдары орталықтың құрылтайшылары болады, ал бақылау кеңесіне Қоғамдастық мемлекеттерінің бейіндік министрліктері мен ведомстволарының басшылары кіреді.