14:47, 02 Маусым 2009 | GMT +5
ЕурАзЭҚ: инвестициялық ахуалдың жақсаруы ? Мәжіліс
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше-мемлекеттердің инвестицияларын қолдау және өзара қорғау жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Алмас Қосыновтың айтуынша, Келісім ЕурАзЭҚ қатысушы-мемлекеттерінің инвестициялық ахуалын жақсартуға және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Келісімге ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мәскеуде 2008 жылғы желтоқсанның 12-сінде өткен Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің 22-ші отырысында қол қойған болатын.