07:30, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
«Еуразия банкі» АҚ тасқын судан зардап шеккендерге 5 млн. астам теңге көмек көрсетеді - БҚО
ОРАЛ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Еуразия банкі» АҚ тасқын судан зардап шеккендерге 5 млн. астам теңге көмек көрсетеді.
«Жайық Пресс» ақпарат орталығынан түскен мәліметке қарағанда, «Еуразия банкі» АҚ басқарма төрағасы Майкл Эгглтон табиғат апатынан зардап шеккендердің қолдаусыз қалмайтынын білдірген. Банк су, азық-түлік, жылы киімнен гуманитарлық жәрдем бермек. Сондай-ақ банктің әр зардап шеккен клиенті кез-келген несие бойынша үш ай бойына төлемін кейінге қалдыруға мүмкіндік алады. Бүкіл Қазақстан бойынша банк бөлімшелерінде қайырымдылық жәшіктері орнатылады. Тұрғындардың зардап шеккендерге салған салымдары айдың соңында екі еселенетін болады.
Банк барлық жиналған қаржының зардап шеккендер қолына тиетініне кепілдік береді.