«Еуразия барысы» турнирінде қазақ балуандары екінші орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тараз-Арена» Спорт сарайында қазақша күрестен ІІ халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде моңғолиялық балуандар жерлестерімізді жеңіп, жеңімпаз атанды.
None
None

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл турнирге биыл 12 елден 60 палуан бақ сынады.

Турнирдің алғашқы айналымында Қазақстан құрамасы Қытай балуандарын 5:0 есебімен ұтты. Екінші айналымда Тәжікстан құрамасын еш қиындықсыз жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал жартылай финалдық бәсекеде Грузия балуандарын 4:1 есебімен ұтып, финалға шықты.

Финалда балуандарымыз Моңғолиядан келген қарсыластарынан 4:1 есебімен ұтылып қалды.

І орын - Моңғолия (50 мың АҚШ доллары); ІІ орын - Қазақстан (20 мың АҚШ доллары); ІІІ орын - Грузия (10 мың АҚШ доллары).

Еске сала кетейік, былтырғы турнирде қазақстандық балуандар жеңіске жеткен болатын, деп жазады sportnews.kz.

Соңғы жаңалықтар