Еуразия даму банкі Атыраудағы жаңа вагон кешені құрылысын қаржыландырады

АЛМАТЫ. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Еуразия даму банкі мен «Ескене -вагон сервисі орталығы» ЖШС Атырау облысындағы жаңа вагон жөндеу кешені құрылысы жобасы аясында несиелік келісімге қол қойды.
None
None

  Халықаралық қаржы институты серіктестікке 10 жыл мерзімге 56 миллион доллардың несиесін бермек. Бұл жобаның жалпы құны 70 миллион долларды құрайды. Онда темір жол вагондары, оның ішінде бірінші кезекте цистерналарды жөндеу және  сервистік қызмет көрсететін әмбебап кешен құрылысы қарастырылып отыр. Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш жоба жүзеге асырылған кезде 263 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Құрылысқа қажетті құрал-жабдықтардың басым бөлігі ресейлік өндірушілерден әкелінеді деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар