Еуразия даму банкі «Батыс транзит» АҚ-ға 3,1 миллиард теңгенің қосымша несие желісін ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. 5 шілде. ҚазАқпарат - Еуразия даму банкі «Батыс транзит» АҚ-ға 3,1 миллиард теңгенің қосымша несие желісін ұсынды.

 Ол «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облыстары» аймақаралық электр   жеткізу желісі құрылысы» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Аталмыш инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсатында 2008 жылы тараптар несиелік келісімге қол қойып, 2009 жылы 7 жыл мерзімге 30,5 миллион доллар қарыз беріліп, желі іске қосылған еді. Енді жаңа несие желісі 2015 жылдың желтоқсан айына дейінгі мерзімге берілмек. Ол электр желісін жаңа ірі нысанға қосу үшін ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар