Еуразия даму банкі Беларусь Республикасына ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қоры қаржылық несиесінің екінші траншын аударды

АЛМАТЫ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еуразия даму банкі кеше Беларусс Республикасына ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қорының қаржылық несиесінің 440 миллион АҚШ доллары көлеміндегі екінші траншын аударды.
None
None

Бұл шешімді Дағдарысқа қарсы қор Кеңесі 28-желтоқсанда Беларусь елі өз талаптарын орындаған соң қабылдаған болатын.

Еуразия даму банкінің баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда, Дағдарысқа қарсы қор Кеңесі Беларусь еліне 3 миллиард доллар көлемінде қаржылық несие бөлуді 4-маусымда мақұлдаған. 20-маусымда Еуразия даму банкі 800 миллион доллар көлеміндегі алғашқы траншты аударды. Енді әрқайсысы 440 миллион доллар көлеміндегі өзге 4 транш 2012-2013 жылдары Үкіметтің макроэкономикалық және фискальды тұрақтандыру бағдарламасын орындау шараларына сәйкес аударылмақ. Бағдарламада ағымдағы операциялар тапшылығын ақша-несие және бюджеттік саясатты қатайту есебінен төмендету, экономиканы эмисиялық несиелеуді қысқарту, халықаралық резрвтерді экономикалық қауіпсіздік деңгейіне дейін толықтыру шаралары енгізілген. 10 жыл мерзімге беріліп отырған бұл несие 3 жылдық жеңілдік кезеңімен беріліп отыр. Онда несиелік пайыз ғана төленеді. Ал несиенің негізгі сомасын өтеу 2014 жылдың екінші жартысында ғана басталады.

Соңғы жаңалықтар