Еуразия даму банкі мен «Технопромэкспорт» ААҚ-ы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Еуразия даму банкінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, тараптар онда Еуразия экономикалық қоғамдастығы кеңістігінде энергетикалық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтасуға келісті. Мақсат - электрэнергетикасы саласында орта және ұзақ мерзімдік жобаларды жүзеге асырудағы әрекеттестік арқылы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастық үдерістерін нығайту. Жоғары қосымша құны бар өнімдер шығаруды ұлғайту, инфрақұрлымдарды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу. Ынтымақтастықта келешегі зор инвестициялық жобаларды қарастырып, қосымша шарттарды, өзара әрекеттестік үлгілері мен қаржыландырудың жекелеген лимиттерін жасайтын жұмыс тобын құру көзделген. Ондағы тараптардың қатысу талаптары әр жобада жеке-жеке қарастырылмақ.