17:04, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
Еуразия даму банкінің активі алғашқы жартыжылдықта 11,7 пайызға ұлғайды
АЛМАТЫ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Еуразия даму банкі алғашқы жартыжылдықтағы аралық қаржылық есебін жариялады. Халықаралық қаржы институтының активі 3 170,2 млн. долларды құрады.

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ол 332,5 млн. долларға немесе 11,7 пайызға ұлғайды. Клиенттерге ұсынылған заем көлемі 53,3 млн. долларға өсіп, 1 397,3 млн. долларды құрады. Міндеттемелері 27 пайыздан астамға артып, 1 474,4 млн. доллар болды. Шығарылған қарыздық бағалы қағаздар көлемі 1 353,7 млн. доллардан асып, 30 пайызға ұлғайды.
Капитал 15,7 млн. доларға өсіп, 1 695,7 млн. доллларға жетті. Жиынтық кіріс өткен жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 16 пайыздан астамға өсіп, 15,7 млн. доллар болды. Ал таза табыс 31 пайыздан астамға кеміп, 9,4 млн. долларды құрады.