Еуразия даму банкінің делегациясы Ереванға сапар жасады

АЛМАТЫ. 30 шілде. ҚазАқпарат - Еуразия даму банкінің делегациясы 26-27 шілде күндері Армения астанасында болып қайтты.
None
None

 Оған  банктің Басқарма төрағасының орынбасары Сергей Шаталов жетекшілік жасаған. Халықаралық қаржы институтының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында Арменияның Қаржы, Көлік министрлерімен кездесіп, Экономика, Ауыл шаруашылығы министрлерінің, Мемлекеттік су шаруашылығы комитеті және Азия даму банкі мен Дүниежүзілік банк өкілдерімен консультациялар жүргізген. Жүздесулерде Армения Республикасы Үкіметі мен ЕурАзЭҚ-ның Дағдарысқа қарсы қоры арасында инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкін бағыттары мен келешегі талқыланды. Оның ішінде Арменияда жұмыс жасайтын өзге де халықаралық қаржы институттарымен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы да сөз болды.

Соңғы жаңалықтар