Еуразия даму банкінің сарапшылары БЭК-тің еңбек көші-қоны саласындағы келісімін ратификациялаудың салдарын бағалады

АЛМАТЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Еуразия даму банкінің Ықпалдастықты зерттеу орталығы «Еңбек етуші мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісім мен 
None
None

Бірыңғай экономикалық кеңістіктің мүше-мемлекеттеріне үшінші елдерден заңсыз еңбек көші-қонына қарсы әрекеттестіктегі ынтымақтастық туралы келісімнің экономикалық әсерін және институтционалдық-құқықтық салдарын талдауды» аяқтады. Зерттеу барысында 1 қаңтардан бастап күшіне енген БЭК-тің көші-қон саласындағы келісіміне кешенді талдау жасалып, Қазақстан, Ресей және Белорустің қолданыстағы құқықтық базасына ықпалы анықталды.

Жобаға Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның, Мәскеу мемлекеттік университетінің, Мәскеу мемлекеттік заң академиясының мамандары тартылған болатын.  Зерттеу жұмысының авторлары бұл келісім БЭК мемлекеттерінің  шетелдік еңбек мигранттарының әлеуметтік құқықтары мен еңбек кепілдіктерін айтарлықтай кеңейтеді деген қорытынды жасап отыр. Қазақстан, Ресей, Белорустің еңбек-мигранттары енді БЭК елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алуы қажет емес. Еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесіне қолжетімдік құқығы бөлінеді. Сарапшылардың есептеуі бойынша, келісімге Қырғызстан мен Тәжікстан қосылатын болса, Ресейдегі қырғызстандық мигранттардың саны 360 мың адамға, ал тәжікстандық мигранттардың саны 890 мың адамға артады. Бұл Ресей бюджетінің өсімін 40 миллиард рубльге ұлғайтпақ.

Соңғы жаңалықтар