«Еуразия» халықаралық кинофестивалі Әмір Қарақұловтың «Виртуалды махаббат» фильмімен ашылады

АЛМАТЫ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - 17-22 қыркүйек күндері Алматыда өтетін «Еуразия» VIII Халықаралық кинофестивалі Әмір Қарақұловтың
None
None

«Виртуалды махаббат» фильмімен ашылады. Кинофестивальдің ашылуы мен жабылу рәсімі Республика сарайында өтеді. Бұл туралы ұйымдастырушылар бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Фестивальдің ашылу рәсімінде қазақ киносының мэтрі Әмір Қарақұловтың «Виртуалды махаббат» картинасы көрсетіледі. Көп күттірген драма шынайы және виртуалды өмірдегі жастық жалын, сұлулық пен махаббатқа арналған. Басты рөлді Қазақстан мен Ресей кино жұлдыздары Бибігүл Сүйіншалина мн Артур Смольянинов сомдайды», - дейді кинофестивальдің арт-директоры, киносыншы Гүлнара Әбікеева.

Ал кинофестиваль президенті Ермек Аманшаевтың айтуынша, виртуалды әлемде өзара сұхбаттасып жүрген олар бір кабинетте отырғанын білмейді. Қазір жастардың  тәулік бойы ғаламторда отыратынын бәріміз күнде көріп жүрміз. Интернет жаһанданудың аса маңызды бір белгісі болуда.

Жалпы «Еуразия» Халықаралық кинофестивалінде 2011 жылдың қыркүйегі мен 2012 жылдың қыркүйегі аралығында  түсірілген қазақстандық 16 фильм көрсетілмек. Бұл картиналар Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен жекеменшік киностудиялардың туындылары.

Соңғы жаңалықтар